Қысқы Олимпиадағы Қазақстан спортшылары: Қытайдағы күндерді ешқашан ұмытпаймын (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан


Делегация киімдерін жобалауға спортшылар тікелей қатысты

Beijing Daily тілшісі: Біз Қазақстан делегациясы киімдерінің өте әдемі екенін байқадық. Өздеріңіз қалай ойлайсыздар?

Әділ Галиахметов: Қазақстандық спортшылар өкілдік құраманың киім үлгісін жобалауда негізгі қатысушылар болды. т Бұл аса маңызды. Команда формасының дизайны, сапасы мен функционалдығы бойынша ұсыныстарымыз бен талаптарымызды айттық. Біздің формаларымыз жылы, ыңғайлы және көздің жауын алатынындай әдемі екенін көпшілік байқады. Мұндай форманы кию біз үшін мәртебе.

Шыңғыс Рақпаров: Қазақстандық делегацияның киімдеріне ерекше назар аударылғанын және біздің барлық спортшылар киімдердің дизайны мен функционалдығын жоғары бағалайтынына қосыламын.

Валерия Тюленева: Қазақстанның Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысуына арналған бұл форманы керемет деп айтуға болады. Оның сапасының жоғарылығы қысқы Олимпиада ойындарында өте маңызды.

Қазақстан делегациясының киімдері

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото