Қысқы Олимпиадағы Қазақстан спортшылары: Қытайдағы күндерді ешқашан ұмытпаймын (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан

Ашылу салтанатындағы сезімімді сөзбен бейнелеп бере алмаймын

Beijing Daily тілшісі: Президент Қ.Тоқаев қысқы Олимпиада ойындарының алдында Қазақстан делегациясына туды салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді. Содан кейін Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы қандай ойдасыздар?

Әділ Ғалиахметов: Барлық қазақстандық спортшылардың атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы бізге үлкен шабыт берді деп айта аламын. Бұл эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ашылу салтанатында Елбасының трибунада бізді көріп отырғанын біліп, иығымыздағы ерекше жауапкершілікті сезіндік. Президент қолдауының мәні өте зор.

Шыңғыс Рақпаров: Ашылу салтанатына қатысу маған бала күнгі арманым орындалғандай сөзбен жеткізе алмайтын сезім сыйлады. Ашылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қатысатынын білгенде, ашылу салтанатынан алған әсеріміз одан сайын арта түсті.

туды салтанатты түрде табыстау рәсімі

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото