Қысқы Олимпиадағы Қазақстан спортшылары: Қытайдағы күндерді ешқашан ұмытпаймын (6)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан

Қытайдағы бұл күндерді ешқашан ұмытпаймын

Beijing Daily тілшісі: Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары бел ортасына келді. Ойларыңызбен бөлісуге рұқсат етіңіздер.

Әділ Ғалиахметов: Біздің барлық іс-әрекетіміз жабық өтті, тек автобус терезесінен ғана қала көрінісін көре алатынымыз өкінішті. Алайда біздің осындай ауқымды шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз, Қытай мен қытай халқының қонақжайлылығын, қысқы Олимпиаданың биік деңгейде ұйымдастырылғанын жоғары бағалаймыз.

Шыңғыс Рақпаров: Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары – менің жалпы қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы сапарым. Бұл мен үшін өте маңызды. Менің қатысуым Қазақстан спортшыларының қысқы Олимпиада ойындарындағы шаңғы қоссайысына қатысуына негіз болды және жаңа жеңістерге жол ашады деп сенемін. Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу маған таңғажайып Қытай мәдениетін білуге мүмкіндік бергенін, Қытай мәдениетінің асыл байлығы мен дәстүрге деген құрметі мені қатты таң қалдырғанын айтқым келеді. Мен Қытайдағы күндерімді ешқашан ұмытпаймын. Өйткені ол өте ерекше болды.

Шыңғыс Рақпаров: 26 жаста, қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы тұңғыш шаңғы қоссайысына қатысушы

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото