- Барлық ақпарат
«Қытайдың артық өндіріс теориясы» туралы он сұрақ (10)
10. «Қытайдың артық өндіріс теориясы» қауесетін таратуға не түрткі болды?
Батыс елдеріндегі монополиялық капиталының мүдделі топтары Қытайдың дамып келе жатқан салалардағы өсуі өздерінің жеке мүдделеріне қауіп төндіреді деп алаңдайды, сондықтан олар нарықтық заңдарды елемейді және басқа елдерде «артық өндіріс» бар деп жалған мәлімдеп, сауда кедергілерін жүргізу арқылы жаһандық өнеркәсіптік жеткізу тізбегіндегі позицияларын сақтауға тырысады.
Батыс саясаткерлері «Қытайдың артық өндірістік қуаты әлемдік нарыққа соққы береді» деген ескі сарынын қайталады. Мұның түпкі себебі «сен жеңсең, мен ұтыламын» деген нөлдік ойлауда жатыр, бұл негізінен саяси мақсаттар үшін Қытай экономикасының беделін түсіруге және тұсаулауға бағытталған. Биыл АҚШ-та сайлау жылы. Аталмыш «Қытайдың артық өндіріс теориясы» кейбір саясаткерлер үшін дауыс жинау және жеке пайда табу құралы есепті. Мұның саяси мүддедегі рөлі нақты экономикалық мәселелерден гөрі маңызды.
people.cn © People's Daily Online