«Қытайдың артық өндіріс теориясы» туралы он сұрақ (4)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 сәуір

4. «Қытай өнімінің» бәсекелестік артықшылығы қайдан пайда болады?

Әлемде «Қытай өнімінің» көп сатылуы - нарықтық экономика заңдарының тиімділігінің нәтижесі. Қытайлық кәсіпорындар үздіксіз технологиялық инновацияларға, кемелді өндіріс-жеткізу тізбегі жүйесіне, қарқынды дамыған нарықтық бәсекелестікке сүйенеді.

2011 жылдан 2020 жылға дейін Қытайдағы экологиялық технологиялар өнертабыстарына патенттік өтінімдердің жалпы саны әлемнің 60%-на жуығын құрап, әлемдегі экологиялық технологиялар инновацияларының ең белсенді схемасы бар елге айналды.

Bloomberg талдауы көрсеткендей, электромобильдер саласында Қытайдың жетекші автомобиль экспорттаушыларының көпшілігінің өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері халықаралық деңгейде мойындалған қалыпты дәрежеде, Қытайдың электромобиль өнеркәсібінің өнімділігі әлдеқайда тиімді, «артық өндіріске» жатпайды.

Дереккөз:  Мемлекеттік Кеңестің ақпараттық басқармасы жариялаған «Қытайдың жаңа дәуірдегі жасыл дамуы» атты ақ кітап, Bloomberg

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото