«Қытайдың артық өндіріс теориясы» туралы он сұрақ (9)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 сәуір

9. Қытайдың озық өндірістік қуатын тұсаулаудың жаһандық өнеркәсіп пен жеткізу тізбегіне әсері қандай?

Қытай жел энергетикасы және фотоэлектрлік электр энергиясын өндіру сияқты таза энергетикалық жабдықтарды өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында, ал полисиликон, кремний пластиналары, батериялар мен компоненттер әлемдік өндірістің 70%-дан астамын құрайды. Халықаралық энергетикалық агенттік 2028 жылға қарай Қытай әлемдегі жаңадан қосылған жаңартылатын энергия көздерінен тарайтын электрдің 60%-дық үлесін өндіретінін болжайды.

«Артық өндіріс» сылтауымен протекционизм шараларын қабылдау жаһандық өнеркәсіптік тізбек пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығына нұқсан келтіреді, дамушы салалардың өсуі мен дамуына зиян тигізеді, елдегі төмен көміртекті трансформация шығындарын арттырады және әлемнің «жасыл» даму қарқынын төмендетеді.

Дереккөз: Халықаралық энергетикалық агенттік пен Мемлекеттік Кеңестің ақпараттық басқармасы шығарған «Қытайдың жаңа дәуірдегі жасыл дамуы» атты ақ кітап

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото