«Қытайдың артық өндіріс теориясы» туралы он сұрақ (5)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 сәуір

5. Өнімнің көп экспортталуы «артық өндіріске» жата ма?

«Қытайдың артық өндіріс теориясы» экономикадағы салыстырмалы артықшылық принципін және әлемдік саудадағы әділ бәсекелестік принципін бұзады. Экономикалық жаһандану жағдайында сұраныс та, ұсыныс та жаһандық сипатқа ие. Егер ұлттық өндіріс тек ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын болса, онда трансшекаралық сауда болмайды.

Қытай жыл сайын чип, ұшақ, соя және шикі мұнай сияқты көптеген тауарды импорттайды. Бұл тауарларды экспорттаушылар «артық өндіріс» жасаған бола ма? АҚШ чиптері, ауылшаруашылық өнімдері, сұйытылған табиғи газ және басқа да өнімдер әлемдік нарыққа көп мөлшерде экспортталады. Осы логикаға сәйкес, олардың барлығын «артық өндіріс» санатына жатқызу керек пе?

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото