ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің екінші Қытай-Орталық Азия саммитінде сөйлеген сөзі (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 маусым
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің екінші Қытай-Орталық Азия саммитінде сөйлеген сөзі

18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 17 маусымда Астанада екінші Қытай-Орталық Азия саммиті өтті. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысып, сөз сөйледі. Төрағаның сөздерінен үзінділер.

Қытай-Орталық Азия рухы

Ұзақ мерзімді тәжірибеде біз «өзара құрметтеу, өзара сенім орнату, өзара пайда жеткізу, өзара көмектесу аясында жоғары сапалы даму арқылы ортақ модернизацияны ілгерілету» сынды «Қытай-Орталық Азия рухын» зерттеп, қалыптастырдық.

«Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу құрылысының жоғары сапалы дамуына ықпал ету

Біз «Қытай-Орталық Азия рухын» басшылыққа алып, ынтымақтастықты неғұрлым бастамашыл әрекеттермен және прагматикалық шаралармен нығайтуымыз керек. «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу құрылысының жоғары сапалы дамуына ықпал етіп, тағдыры ортақ қауымдастық мақсатына қарай жігермен ұмтылуға тиіспіз.

Прагматикалық, тиімді және терең интеграцияланған ынтымақтастықтың орнығуын оңтайландыру

Біз 2025 жылдан 2026 жылға дейін «Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының жоғары сапалы даму жылы» болады деп келістік. Біз үздіксіз сауданың іркіліксіздігіне, өнеркәсіптік инвестицияларға, өзара байланыстарға, жасыл пайдалы қазбаларға, ауыл шаруашылығын модернизациялауға, кадрлар алмасуға және т.б. назар аударуымыз керек. Неғұрлым нақты жобаларды жүзеге асырып, мүмкіндігінше тезірек алғашқы табысқа жетуге ұмтылуымыз қажет.

Бейбітшіліктің, тыныштықтың және бейнет пен зейнетті бірге көретін қауіпсіздіктің үлгісін жасау

Біз аймақтық қауіпсіздікті басқаруды күшейтуіміз керек. Құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырып, экстремистік идеялардың алдын алу және оларға қарсы тұру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. «Үш түрлі күшпен» батыл күресіп, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бірлесіп сақтауымыз қажет.

Ортақ ниетпен, өзара таныс әрі етене гуманитарлық байланысты күшейту

Қытай Орталық Азия елдерінің заң шығарушы органдарымен, саяси партиялармен, әйелдермен, жастармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, сараптамалық орталықтармен және т.б. ынтымақтастықты нығайтады. Ел басқару саласында тәжірибе алмасуды тереңдетіп, жасыл даму, кедейлікті азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибесімен бөліседі.

Әділ, ақылға қонымды, тең және ретті халықаралық тәртіпті қорғау

Қытай Орталық Азия елдерінің халықаралық істерде үлкен рөл атқаруын қолдайды. Әр тараппен бірге халықаралық әділдік пен ақиқатты қорғау, гегемонизм мен озбырлық саясатына қарсы тұру, тең, ретті әлемнің көпполярлануын, жалпыға тиімді және инклюзивті экономикалық жаһандануын белсенді ілгерілетуде ынтымақтасып жұмыс істеуге дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото