2026 жылғы «Такламакан раллиі» Шыңжаңда өтіп жатыр (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 мамыр
2026 жылғы «Такламакан раллиі» Шыңжаңда өтіп жатыр

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Азиядағы ең ұзақ қашықтыққа және қиындығы ең жоғары автокөлік пен мотоциклге арналған далалық жарыс - 2026 жылғы Хуанта (Такламаканды айналу) шөлдік раллиі 16 мамырда Үрімжі қаласында басталды. Жарыстың жалпы ұзындығы шамамен 7500 шақырымды құрап, Тұрпан, Хотан, Қашқар сияқты жерлерді басып, 1 маусымда Ақсу өңірінде мәресіне жетеді. Жарыс жолы Такламакан шөлін кесіп өтіп, шөл, құмды алқаптар, шатқал, өзен арнасы сияқты әртүрлі жер бедерлерін қамтиды, бұл әрі «геологиялық мұражай ішінде жүру» деген атпен танымал.

Биылғы жарысқа әртүрлі елдерден келген шетелдік спортшылар қатысты, бұл тарихи көрсеткіштен асып түсті. Қытайлық шабандоз Фань Гаосян: «Хуантаның керемет табиғи көріністері мен өте жоғары қиындығы Дакар раллиінен кем емес», – дейді.

Жарыс бағытындағы қалалар мен ауылдар жарыс көліктерін қызу қарсы алып, материалдық емес мәдени мұраны нәсихаттау, мәдени-өнер қойылымдары және тікелей эфир арқылы ауыл өнімдерін таныстыру сияқты іс-шараларға серпін берді. Хуанта раллиі – тек спорттық бәсеке алаңы ғана емес, сонымен қатар Шыңжаңның мәдени-туристік дамуына үлес қосатын маңызды оқиғаға айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото