Наньтун қаласынан Еуропаға 7 273 жаңа энергия көлігі шығарылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 маусым
Наньтун қаласынан Еуропаға 7 273 жаңа энергия көлігі шығарылды

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда Цидон кіріп-шығу шекаралық бақылау бекеті және басқа да мекемелердің тиімді қолдауымен 7 273 жаңа энергиялы көлігін тиеген BYD-дің «Цзинань» ролкер кемесі Цзянсу өлкесінің Наньтун портынан Италия, Испания және басқа да Еуропа елдеріне тікелей жол тартты. Бұл Цзянсу провинциясының Наньтун қаласының ірі көлемді тауарлық жеңіл көліктерді экспорттау мүмкіндігіне ие болғанын көрсетіп, еліміздің жаңа энергия көліктерінің шетелге шығуына жаңа арна ашты.

Мәліметтерге сәйкес, бұл көліктер Хэфэй, Сиань, Чанчжоу, Чжэньцзян және басқа да бірнеше қалалардан теміржол және автомобиль жолдары арқылы Янлу теміржол логистикалық базасына жинақталып, теңіз-теміржол аралас тасымалдау режимімен экспортталды. Бұл автомобиль, теміржол және теңіз тасымалдарын біріктірген көпсалалы біртұтас логистикалық жаңа жүйені толықтай іске асырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото