Шетелдіктердің Қытайға саяхаты үздіксіз артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 маусым
Шетелдіктердің Қытайға саяхаты үздіксіз артып келеді

3 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамыр күні кешке Гуансидің Гуйлинь қаласында әлемнің 67 елі мен аймағынан келген 2000-ға жуық туризм саласының қызметкерлері мен трансұлттық компания басшылары Лицзян өзенінің бойына жиналды. Халықаралық жұлдыз Джеки Чан іс-шараға қатысып, әр елдің қонақтарына бірнеше тілде сәлемдесіп, «Қытайға қош келдіңіздер!» деп қарсы алды.

6 маусым күні Trip.com Group Гуйлиньде «2026 жылғы Қытайға саяхаттың жылдық баяндамасын» жариялады. Баяндамада көрсетілгендей, жаһандық трансшекаралық туризм толығымен қалпына келді. 2025 жылы халықаралық туристер саны 1,5 миллиард адамға жетті. Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі өсім 6%-ды құрап, әлемдік көрсеткіштен екі есе жоғарылады. Визасыз режим тиімділігінің арқасында Қытайға кіру туризмі дамыды. 2025 жылы Қытайға келген шетелдік туристер саны 35 миллион адамнан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өсті. Халықаралық туризмнен түскен кіріс 40%-ға жуық жоғарылап, Қытай әлемде алтыншы орынға ие болды.

Төлем жүйесі, көптілді қызмет көрсету, ақылды билет автоматтары, жаңа әуе бағыттарының ашылуы сияқты келу туризм инфрақұрылымының біртіндеп жетілдірілуінің арқасында шетелдік туристердің саяхат тәжірибесі үздіксіз жақсарып келеді.

«2026 жылғы Қытайға саяхаттың жылдық баяндамасында» атап өтілгендей, объективті тұрғыдан алғанда, Қытайдың әлемдік туризм саласындағы алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда әлі де айырмашылығы бар. Сондықтан Қытай өзінің бірегей табиғи-гуманитарлық ресурстарына, әлемдегі көшбасшы инфрақұрылымға және қолжетімді бағадағы жоғары сапалы туристік қызметтерге сүйеніп, туристерді тартуды жалғастырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото