- Барлық ақпарат
Хэбэйдың тұзды-сілтілі жері «астық қойнауына» айналды (2)
9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Хэбэйдың Цанчжоу қаласы ғылыми-технологиялық инновациялар арқылы бұрынғы тұзды-сілтілі жерлерді мол өнім беретін егістікке айналдырды. Сөйтіп, тұзды-сілтілікке және құрғақшылыққа төзімді бидайдың арқасында жергілікті шаруаларды баю жолына бастады.
Цанчжоу қаласы Бохай теңізіне жақын орналасқандықтан, топырақтың тұздануы мен сілтіленуі аса жоғары. Бұл ұзақ уақыт бойы жергілікті ауылшаруашылық өндірісіне кедергі келтірді. Ондаған жылдар бойы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жергілікті жерде тұзды-сілтілікке және құрғақшылыққа төзімді бидайдың сапалы сорттары өсіріле бастады. Аймаққа ғылыми егу технологиялары кеңінен таратылып, төмен өнімділік кемшілігі толығымен жойылды.
Деректерге қарағанда, 2025 жылы Цанчжоуда құрғақшылыққа төзімді бидайдың егіс алқабы 137 220 гектарға жетіп, жалпы өнімі 536 мың тоннаны құраған. Тиімді шаралардың нәтижесінде өнімділік пен жалпы өнім тарихи максимумға жетті.
Қазіргі таңда құрғақшылыққа төзімді бидай өнеркәсібі тек мол өнімге ғана қол жеткізіп қоймай, толық өндірістік тізбекті қалыптастырды. Заманауи өңдеу цехтары оны ұн, кеспе және басқа да тағамдарға, сондай-ақ жергілікті ерекшелігі бар «гүлді нан» қолөнер бұйымдарына айналдырады.
Сурет: Синьхуа агенттігі
people.cn © People's Daily Online




