- Барлық ақпарат
Қытайлық кәсіпорын салған Малайзиядағы теңіз көпірі ресми түрде пайдалануға берілді (5)
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 шілде
10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық кәсіпорын салған Малайзияның Саравак штатындағы Луба теңіз көпірі 9 шілдеде ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жергілікті тұрғындардың ұзақ уақыт бойы паромға тәуелді күнделікті қатынасына нүкте қойып, жағалаудағы көлік және экономикалық дамуға жаңа серпін берді. Луба теңіз көпірі — Қытай-Малайзия бірлескен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоба. Нысанды Қытайдың Теміржол көпір құрылыс корпорациясы салған. Көпірдің жалпы ұзындығы 4,84 шақырымды құрайды. Бас көпір — екі мұнаралы көлбеу тартпалы, бас мұнарасының биіктігі 110 метрден асады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




