Қытайлық кәсіпорын салған Малайзиядағы теңіз көпірі ресми түрде пайдалануға берілді (7)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 шілде
Қытайлық кәсіпорын салған Малайзиядағы теңіз көпірі ресми түрде пайдалануға берілді

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық кәсіпорын салған Малайзияның Саравак штатындағы Луба теңіз көпірі 9 шілдеде ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл жергілікті тұрғындардың ұзақ уақыт бойы паромға тәуелді күнделікті қатынасына нүкте қойып, жағалаудағы көлік және экономикалық дамуға жаңа серпін берді. Луба теңіз көпірі — Қытай-Малайзия бірлескен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоба. Нысанды Қытайдың Теміржол көпір құрылыс корпорациясы салған. Көпірдің жалпы ұзындығы 4,84 шақырымды құрайды. Бас көпір — екі мұнаралы көлбеу тартпалы, бас мұнарасының биіктігі 110 метрден асады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото